Сондай-ақ барлық қосымша білім беру ұйымдарында дабыл жүйесі орнатылған
Абай облысының Білім басқармасы жүйелі түрде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл туралы Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында Абай облысы білім басқармасының басшысы Нұржан Ахметқалиев айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Облыстың 301 жалпы орта білім беру ұйымдарында 7 280 бейнебақылау камерасы орнатылған. ҚР БҒМ бұйрығына сәйкес, оның ішінде 300-ден астам оқушы контингенті бар 198 мектеп (65%) ЖБО-ға (ЖБО) қосылған. Облыстың 157 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 1 259 камера орнатылған, оның ішінде 813 дана (76%) ауыстыруды талап етеді. Жалпы 24 қосымша білім беру ұйымдарында 223 бейнебақылау камерасы орнатылған. ЖБО-да 8 қосымша білім беру ұйымы шығарылды. Облыста жетім балаларға арналған 8 арнайы мектеп-интернат пен мекеме жұмыс істейді, оларда 346 бейнебақылау камерасы орнатылған. Облыстың 37 колледжінде 960 бейнебақылау камерасы орнатылған», - деді Нұржан Ахметқалиев.
Сонымен қатар барлық қосымша білім беру ұйымдарында дабыл жүйесі орнатылған. Сондай-ақ барлық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында дабыл түймелері орнатылды, жекеменшік мектепке дейінгі мекемелермен оларды қауіпсіздік нормаларына сәйкес келтіру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«ҚР БҒМ бұйрығына сәйкес оқушылар саны 700-ден асатын білім беру ұйымдарында, сондай-ақ облыс орталығында орналасқан мектептерде турникеттер орнатылуы тиіс.
Абай облысы бойынша осы санатқа білім беру ұйымының 61 нысаны жатады. Турникеттермен қамтамасыз ету 93,4% құрайды (57 жиынтық). Мамандандырылған күзет агенттіктерімен 101 мектеп келісімшарт жасасты, 203 мектепте жұмыс күзетшілер мен вахтерлер есебінен жүзеге асырылады», - деп хабарлады Абай облысының білім басқармасының басшысы.