Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі хабарлады
20 қараша күні Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында кандидатқа дауыс беру үшін электронды құжатты пайдалануға болады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметінің Telegram каналында жазылды.
«Дауыс беруге қатысу үшін өзіңізбен бірге жеке басты куәландыратын құжат болуы керек. Мәлім болғандай, eGov mobile, Kaspi және Halyk қосымшаларының мемлекеттік қызметтер бөлімінде сіздің цифрлық құжаттарыңыз орналасқан. Электрондық құжатыңызды өз смартфоныңыздан ұсына отырып сіз дауыс беруге қатыса аласыз. Мұндай жағдайда, құжаттың түпнұсқасын өзіңізбен бірге алып жүру қажеттілік етпейді», - делінген хабарламада.