Украинадағы қазақстандықтар Варшавада дауыс береді

Автор: Аягөз Құрмаш

Шетелде 68 учаскелік сайлау комиссиясы құрылған

Фото: ашық дереккөзден

Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Жалғас Әділбаев шетелдегі сайлау учаскелері туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

«Қазіргі таңда сыртқы саяси ведомствоның шетелдегі мекемелері жанында 53 мемлекетте 68 учаскелік сайлау комиссиясы құрылды. Барлық комиссия мүшелері бекітіліп, олардың сәйкестігі бойынша арнайы тестілеу өткізілді. Барлық сайлау учаскелері Президент сайлауын өткізуге дайын. Украинадағы ахуалға байланысты ол жердегі Қазақстан азаматтары мен елшілік қызметкерлері Варшава (Польша) қаласында дауыс береді», - деді Әділбаев.

Оның айтуынша, аталған учаскелерде 12 527 Қазақстан азаматтарының дауыс беруі күтіліп отыр.