2016-2017 жылдары кеңес елдерінде нөлдік төлем жұмыс істеп тұрған
ЕЭҚ елдері электромобильге нөлдік ставка салығын қайта енгізбекші, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Еуразия экономикалық комиссиясына сілтеме жасап.
Комиссияның ақпаратынша, 2020 жылдың 18-ші ақпаны ЕЭК кеңесі біртекті кеден тарифімен 2020 жылдың аяғына дейін электромобильдерге нөлдік ставка салығын енгізу жобасын қолдаған. Аталған шара кеденнен жеке тұлғалар өткізетін тауарға да қатысты болмақ. Қорытынды шешімді ЕЭК кеңесі қабылдайды.
ЕЭК алқа төрағасы Михаил Мясниковичтің пікірінше, бұл одақ нарығында электромобильдерді қалыптастырып, олардың өнімін дамытуға, қуатты инфрақұрылымның өсуіне әсерін тигізеді.
«Ең алдымен, электромобильдердің ЕЭК нарығына қалыптасуы үшін инфрақұрылым мен қуаттаушы станциялар қалыптасуы тиіс. Екінші мәселе, өз электромобильдерімізді өндіру. Үш ел мұнымен белсенді түрде айналысуда», - деп атап өтті ол.
Атап айта кетсек, 2016 жылдың қыркүйек айынан 2017 жылдың тамызында электромобильдерге нөлдік ставка болған. Осының өзінде электрлі көліктерге деген сұраныс тек Беларуссияда ғана артқан. Өзге елдер жоспарланған нәтижеге жете алмады.