Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады
Республика бойынша тұман, көктайғақ болады

Синоптиктер 18 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында, шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Республика бойынша тұман, көктайғақ болады, жел күшейеді, шығысында жаяу бұрқасын болады.
Астанада көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 2-7 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +13+15°С, күндіз -7-9°С болады.
Алматыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Жел соғады, күші 2-7 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -4-6°С, күндіз +5+7°С болады.
Шымкентте көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Түнде және таңертең кей уақыттарда тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 8-13 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +1+3°С, күндіз +10+12°С болады.