Оқиғаның мән-жайы анықталуда
Ұлытау облысында «Қазақмыс» корпорациясының кеніштерінің бірінде пышақ жарақатынан көз жұмған ер адамның мәйіті табылды. Бұл туралы Ұлытау облысының ПД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
1982 жылғы ер адамның денесі «Қазақмыс» корпорациясына қарайтын Омаров атындағы шахта үңгілеу трестінде табылды. Кеніш Жезқазғаннан шамамен 300 км қашықтықта орналасқан.
«17 қарашада «Қазақмыс» корпорациясы кенішінің аумағында зорлық-зомбылық белгілері бар 40 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Бұл факт ҚР ҚК «Кісі өлтіру» 99-бабы 1-бөлігі бойынша СДТБТ-да тіркелген Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері күдікті адамдарды анықтау және ұстау мақсатында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деп хабарлады Ұлытау облысының ПД баспасөз қызметі.