Әйелдер кәсіпкерлігі ШОБ секторындағы жұмыс орындарының 31,4%-ын қамтамасыз етеді
Бүгін Петропавлда ҚР Президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекова Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында жергілікті халықпен кездесу өткізді. Онда ол Қазақстандағы әйелдер кәсіпкерлігін дамыту туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Үміткер мемлекеттік органдардың деректері мен зерттеулеріне сілтеме жасай отырып, статистиканы жариялады.
Әйелдер кәсіпкерлігі ШОБ секторындағы жұмыс орындарының 31,4%-ын қамтамасыз етеді. 2020 жылғы мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда әйелдер басқаратын кәсіпорындардың үлесі 28,3 пайызды құрады. Олардың көпшілігі шағын және орта бизнес өкілдері, олар осы сектордағы жұмыс орындарының 31,4%-ын және елдің жалпы ішкі өнімінің шамамен 14,6%-ын қамтамасыз етеді.
Сондай-ақ жиналғандар кандидаттан сайлауалды бағдарламасы туралы сұрады. Атап айтқанда, әйелдердің зейнет жасын төмендету, сот реформасы және экономикадағы өзгерістер туралы сөз болды.