$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Мейрам Қажыкен Шымкентте студенттермен кездесті

Ол сайлауалды бағдарламасымен таныстырды

Мейрам Қажыкен Шымкентте студенттермен кездесті

ҚР Президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен Шымкенттегі Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде болды. Мұнда ЖОО студенттерімен және оқытушыларымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Білім алушылар кандидатқа шынайы қызығушылық танытып, сұрақтар қойып, белсенділік танытты. Олар білім беру, мәдениетті дамыту, саясат пен қатар экономика мен ұлттық қауіпсіздік тақырыптарын да көтерді.

«Тараз бен Шымкент арасында Түлкібас кенті бар. Онда сіз үлкен технологиялық кластер жасай аласыз. Біз қазір халықаралық жағдайдың қандай екенін көреміз: Ресей мен Украина арасындағы соғыс, оңтүстіктегі көршілер бәрі тыныш емес. Біз өз тыныштығымызды қорғай білуіміз керек. Қаруымызды жасайтын уақыт келді. Мұны Түлкібаста жасауға болады. Ол үшін өндіріс дамуы керек. Тараз бен Шымкентте химиялық, темірбетон және металл өнімдерін өндіретін кәсіпорындар бар. Кластердің арқасында жұмыс орындары табылады. Егер сіз жақсы заманауи кластерді аша алсаңыз, онда қару-жарақ заманауи болады. Меің ойымша – болашақта осындай өндірісті құру керек», - деді кандидат.

М.Қажыкен айтуынша, бұл кластерде, химия, биология, физика, инженерия пәндерін оқитын студенттер жұмыс істей алар еді. Өйткені бұл бағыттардың барлығы өнеркәсіптік-технологиялық кластердің ашылуы мен жұмыс істеуі үшін қажет.

Үміткер жиында жас ұрпаққа, олардың күшіне және қалыптасқан әлемді өзгертуге деген сенімін білдірді.

Үміткер өзінің саяси бағдарламасында жастарға үлкен басымдық жасайды. Оның айтуынша, қазір жастар үшін қоғамның барлық саласында қажетті жағдайлар жасау қажет.

Ол сондай-ақ тұрғын үймен қамтамасыз ету, жалақыны, зейнетақыны, әлеуметтік төлемдерді арттыру, медицина сапасын жақсарту мәселелерін де айналып өтпеді.

Серіктес жаңалықтары