Нұрлан Әуесбаев Шортанды кентінде жұртшылықпен кездесті

Автор: Azattyq Rýhy

Ол Қазақстан парламенттік-президенттік басқару үлгісіне өтуі тиіс деп есептейді

ҚР Президенттігіне Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан кандидат Нұрлан Әуесбаев Ақмола облысы Шортанды кентінде сайлаушылармен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Іс-шара барысында жиналған қауымға өзінің сайлауалды бағдарламасының басым бағыттары жөнінде баяндап берді.

Қажетті инфрақұрылым жоқтығы секілді Қазақстанның бірқатар өңірлеріне тән мәселе Шортандыда да өзекті. Кездесуге жиналған жұртшылық сауалдар қойып, кандидаттың сайлауалды бағдарламасымен танысты.