Нұрлан Әуесбаевтың сенімді өкілі үгіт-насихат жұмысының барысымен таныстырды

Azattyq Rýhy

Үміткердің сайлауалды бағдарламасын насихаттау, халыққа түсіндіру мақсатында республика бойынша 21 штаб жұмыс істеп тұр

Нұрлан Әуесбаевтың сенімді өкілі үгіт-насихат жұмысының барысымен таныстырды
Фото ашық дереккөзден

Президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаевтың сайлауалды штабының жұмысы таныстырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Нұрлан Әуесбаевтың сенімді өкілі Талғат Омаров «Atameken Business» телеарнасына сұхбат берді.

Кандидат Нұрлан Әуесбаев үгіт-насихат жұмысымен Қарағанды, Ақтөбе және Ақмола облыстарында, Алматы мен Шымкент қалаларында болды.

Үміткердің сайлауалды бағдарламасын насихаттау, халыққа түсіндіру мақсатында республика бойынша 21 штаб жұмыс істеп тұр.

Сондай-ақ кандидаттың сенімді өкілі үгіт-насихат кезінде әлеуметтік желілерді белсенді қолданып жатқанын тілге тиек етті.

Талғат Омаровтың айтуынша, халық тарапынан түрлі сала бойынша сұрақтар түсіп жатыр.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.