Қарақат Әбденнің штабы халықаралық тәжірибеге сүйене отырып жұмыс істеп жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

Кандидаттың ел өңірлеріндегі кездесулері жалғасуда

Фото ашық дереккөзден

Республикалық штаб халықаралық тәжірибеге сүйене отырып жұмыс істеп жатыр. Президенттікке кандидат Қарақат Әбденнің баспасөз хатшысы осылай деді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Штабта кезекті кеңес өтіп, елорда мен аймақтарда атқарылған жұмыстар пысықталды. Мамандарға нақты тапсырмалар жүктелді. Штаб басшысы өңірлердегі сайлаушылардан түсіп жатқан сауалдар мен ұсыныстар жан-жақты сараланатындығын жеткізді. Кандидат бірнеше шаһар мен бірқатар елді мекен жұртшылығымен кездесті. Жастар тәрбиесі, отбасы институтын нығайту тақырыбында ой өрбітіп, синтетикалық есірткі және құмар ойындармен күрес мәселесін талқылады.

 «Кандидаттың ел өңірлеріндегі кездесулері жалғасуда. Сайлауалды штабқа қойылған талап өте жоғары. Ел өңірлерінен көптеген сұрақтар мен ұсыныстар түсіп жатыр. Сайлаушылармен кері байланыс орнатылған. Олардың барлығына білікті мамандар тиісті жауаптарын беріп жатыр», - деді кандидаттың баспасөз хатшысы Еламан Төлепберген.