Ресейлік пикапердің Қазақстанға кіруіне тыйым салынды

Автор: Azattyq Rýhy

Алекс Лесли Алматыда тренинг өткізетінін айтып, онда ерлерге «қазақ әйелдерін еліктіруді» үйретпекші болған

Ресейлік Пикапер Александр Кирилловқа, көбінесе «Алекс Лесли» лақап атымен танымал блогерге Қазақстанға бір жылға кіруге тыйым салынды. Бұл туралы Алматы полиция департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ол Ресейде мобилизация болып жатқанда, біз Қазақстандағы келіншектерді баурауға барамыз деген болатын. Әлеуметтік желіде анайы сөздерді айтып, әбден сынға іліккен.

«Алматы қаласының Полиция департаменті қабылданған шаралармен Ресей Федерациясының азаматы А.Кирилловтың Қазақстанға кіруіне бір жылға тыйым салынғанын мәлімдеді», - делінген Алматы қаласы ПД хабарламасында.