Diamond Princess лайнеріндегі карантин аяқталды

Автор: Azattyq Rýhy

Лайнерде Қазақстанның 4 азаматы бар

Фото: ашық дереккөзден

Diamond Princess круиздік лайнеріндегі 500 адам шығарылады. Тізімде қазақстандықтардың бар-жоғы әзірге белгісіз, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Жапонияның Иокогама портында тұрған Diamond Princess кемесіндегі коронавирус жұқпасына байланысты енгізілген карантин алынып тасталды.

Лайнерде Қазақстанның 4 азаматы бар, оның екеуі 8 және 12 жастағы бала. Олардың елге қашан оралатыны әзірге белгісіз.

Карантин екі апта бойы жалғасқан еді. Круиздік лайнерде 3700 жолаушы мен экипаж мүшелері болған. Сәрсенбі күні вирус жұқтырмаған 540 адам лайнерден шығарылмақ. Олар негізінен орта жастан жоғары жолаушылар.