$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атырау облысындағы Индер ауданында 21 ұлттық жоба іске қосылды

Осы жылы ауданда 912 адам тұрақты жұмысқа орналасты

Атырау облысындағы Индер ауданында 21 ұлттық жоба іске қосылды

Биыл Индер ауданында 21 ұлттық жоба іске қосылды. Бұл туралы Индер аудандық халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Ажар Серікқалиева мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Аталған жоба бойынша 127 азамат уақытша жұмысқа орналасқан. Олар қазіргі уақытта «Ауыл Ел Бесігі» бағдарламасы бойынша және аудандағы ғимараттардың жөндеу жұмыстары мен құрылыс басында, мал және өсімдік шаруашылығын ұлғайту салалары бойынша еңбек етуде.

«Осы жылы ауданда 912 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Әлі де жұмыссыздық бойынша тіркеуде тұрған азаматтарды жыл соңына дейін тұрақты жұмысқа орналастыру үшін күш салынуда. Солардың бірі – бос жұмыс орындарының жәмеңкесі. Бұл бағытта биыл ауданда 4 рет жәрмеңке өтіп, 34 жұмыс беруші мекеме 71 адамды жұмысқа қабылдады. Сондай-ақ осы жылғы жоспарға сәйкес 1451 жұмыс орнын құруды жоспарлап, орындалысын 120 пайызға жеткіздік. Яғни, биыл ауданда 1745 жұмыс орны ашылып, 1000-нан астам азамат тұрақты түрде және 700-ге жуық азамат уақытша жұмысқа орналасты. Ал «2021-2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі» Ұлттық жоба бағдарламасы шеңберінде 600-ге жуық азамат жұмыспен қамтылды», - деді А. Серікқалиева.

Сондай-ақ оның айтуынша, биыл ауданда 1000-ға жуық азамат атаулы әлеуметтік көмек алған.

Серіктес жаңалықтары