Нұрлан Әуесбаев Батыстағы Теректі ауданының халқымен кездесті
Кандидатпен жолыққан тұрғындар шешілмей жатқан проблемаларын ортаға салды
Президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаев Батыс Қазақстан облысындағы Теректі ауданының халқымен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сайлауалды бағдарламасын таныстырып, өзін ұсынған «Жалпыұлттық социал-демократиялық» партиясы туралы айтып берді. Бұл ауданда 10 мыңдай адам тұрады. Мұнда жол сапасы мен ауыз су мәселесі өзекті. Кандидатпен жолыққан тұрғындар да бұл проблема шешімін таппай келе жатқанын жеткізді. Оппазициялық партия өкілі халыққа мейлінше жауап беруге тырысты.
«Тұрғындарды әр түрлі сұрақтар қызықтырады. Мен сайлауалды бағдарламамды толығымен халыққа түсіндірдім. Содан кейін соңынан әр түрлі сұрақтар болды. Жалпы аймақтарда біздің партияның 20 филиалы бар. Былайша айтқанда барлығы да өзінің белсенді, жан-жақты жұмыс істеп жатыр. Үгіт-насихат жұмыстарын ойдағыдай жүргіземіз деген сенім бар», - деді ҚР Президенттігіне кандидат Нұрлан Әуесбаев.