$ 515.18  570.66  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жигули Дайрабаевтың штабы 3 апталық жұмысын қорытындылады

Өңірлік штабтар 2,5 мыңнан астам іс-шараны қамтитын үгіт-насихат жоспарын әзірлеген

Жигули Дайрабаевтың штабы 3 апталық жұмысын қорытындылады
Фото ашық дереккөзден

Президенттікке кандидат Жигули Дайрабаевтың республикалық қоғамдық штабы 3 аптаның жұмысын қорытындылады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy штабтың ақпаратына сілтеме жасап.

Кандидат пен оның партияластары бұған дейін Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Жетісу, Алматы, Абай, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарына барған болатын. Шаруалармен кездесіп, сауалдарына жауап берді. Бүгінгі брифингте партияның өңірлік филиалдарының басшылары және өкілдері қатысты. Бейнебайланысқа шығып, есеп берді.

Айта кетейік, бұған дейін хабарлағанымыздай, өңірлік штабтар 2 500-ден астам іс-шараны қамтитын үгіт-насихат жоспарын әзірлеген. Оның ішінде 70 проценті өткізілді. Еліміз бойынша 305 билборд орнатылып, 200 мың плакат-парақша таратылды.

Серіктес жаңалықтары