$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстандықтардың 77,5%-ы президенттік сайлауда дауыс беруге ниетті – әлеуметтік сауалнама

Тоқаевтың кандидатурасын сауалнамаға қатысқандардың 80%-дан астамы қолдауға дайын

Қазақстандықтардың 77,5%-ы президенттік сайлауда дауыс беруге ниетті – әлеуметтік сауалнама
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

«Демократия институты» ғылыми-зерттеу қауымдастығы мен «Damu Research Group» зерттеу тобы бірлесе отырып, осы жылдың 29 қазаны мен 10 қарашасы аралығында әлеуметтік сауалнама жүргізді. Сауалнама нәтижелері сайлауға қатысудың ықтимал жоғары деңгейін тіркейді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қазақстандықтардың 77,5%-ы дауыс беруге ниетті, оның 61,8%-ы міндетті түрде дауыс беретінін, 15,7%-ы дауыс беруге тырысатынын атап өтті. Ниеті жоқ – 9,7%, әлі шешпеген – 12,8%.

Олардың 81,6%-ы Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс беруге дайын. Жигули Дайрабаевқа – 2%, Қарақат Әбденге – 1,7%, Салтанат Тұрсынбековаға – 0,7%, Мейрам Қажыкенге – 0,5%, Нұрлан Әуесбаевқа 0,4% дауыс береді. Барлығына қарсы – 4,7%. Ал 8,4%-ы дауыс беруге қатысатыны туралы шешім қабылдамаған.

ҚР Қазіргі Президентінің жоғары қолдауы, ең алдымен, оның қызметімен байланысты. Мәселен сауалнамаға қатысқандардың 88,3%-ы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы үш жылдағы жұмысын жалпы мақұлдайтынын атап өтті. Ал 7,6%-ы бұл пікірмен келіспейді, 4,1% жауап беруге қиналады.

Сонымен қатар, 67,5% Қасым-Жомарт Тоқаев бағдарламасы халықтың мүдделерін ескереді деп есептейді. Сауалнама кезінде 22,7% үміткердің сайлауалды бағдарламаларымен әлі таныс емес екенін атап өтті.

Сол сияқты сауалнама деректері көрсеткендей, әрбір үшінші респондент елдегі саяси жаңалықтарды үлкен қызығушылықпен назарда ұстайды. Әрбір екінші жағдайға қызығушылық танытады. 14%-ына мүлдем қызық емес.

Зерттеуді «Демократия институты» ғылыми-зерттеу қауымдастығы және «Damu Research Group» зерттеу тобы 29 қазан мен 10 қараша аралығында жүргізді. Оған 17 облыстан және Республикалық маңызы бар Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 18 жастан асқан 8 000 респондент қатысты.

Сауалнама ОСК хабарламасына сәйкес ОСК-ның ресми рұқсатымен жүргізілді.

Серіктес жаңалықтары