Жигули Дайрабаевтың штабы ТМД ПА өкілдерімен кездесті

Автор: Azattyq Rýhy

Бүгінде еліміздің 166 ауылдық елді мекенінде және 88 қалада үгіт-насихат науқаны жүргізілуде

Фото ашық дереккөзден

Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаевтың республикалық қоғамдық штабы ТМД Парламентаралық Ассамблеясының өкілдерімен онлайн форматта жиын өткізді, деп хабарлайды  Azattyq Ruhy штабтың ақпаратына сілтеме жасай отырып.

«Ауыл  қызметкерлерімен кездесу барысында ТМД ПАА Кеңесі Хатшылығы басшысының орынбасары Иван Мушкет ТМД ПАА-дан 60 байқаушы ҚР президенттігіне кандидаттардың үгіт-насихат науқанының барысын бақылап отырғанын атап өтті. Сонымен қатар, ТМД ПАА Халықаралық демократияны дамыту мониторингі институтының сарапшылары үгіт-насихат науқанының өтуі, проблемалық мәселелердің болуы туралы сұрады», - делінген хабарламада.

«Ауыл» ХДПП-нан ұсынылған ҚР Президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаевтың республикалық қоғамдық штабының басшысы Төлеутай Рахымбеков өз сөзінде бүгінде еліміздің 166 ауылдық елді мекенінде және 88 қалада, оның ішінде республикалық маңызы бар 3 қала мен 17 облыс орталығында үгіт-насихат науқаны жүргізіліп жатқанын атап өтті.