Жигули Дайрабаевтың штабында ЕҚЫҰ ДИАҚБ миссиясының өкілдерімен кездесу өтті

Автор: Azattyq Rýhy

Кездесуде шетелдік қонақтар өз миссиясының мақсаттары мен міндеттері туралы айтып берді

Фото ашық дереккөзден

«Ауыл» партиясынан ҚР Президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаевты қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық штабта ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюроның сайлауын бақылау жөніндегі миссия өкілдерімен Джованни Дибиаспен (Италия) және Виктория Норекайтпен (Литва) кездесу өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy штабтың ақпаратына сілтеме жасай отырып.

Кездесу барысында шетелдік қонақтар өз миссиясының мақсаттары мен міндеттері туралы айтып берді.

«Республикалық штаб басшысы Төлеутай Рахымбеков өз кезегінде қонақтарды партияның міндеттерімен таныстырып, үгіт-насихат науқанының барысы мен болашаққа жоспарлары туралы айтып берді. Кездесу соңында Дж.Дибиас пен В. Норекайте Президенттікке кандидат пен оның сенімді адамдарының қатысуымен Астана мен Ақмола облысында өтетін 2-3 үгіт-насихат іс-шараларын байқауға ниет білдірді», - деп хабарланған ақпаратта.

Естеріңізге сала кетейік, сайлау науқаны 2022 жылдың 21 қазанында басталып, сайлауға бір күн қалғанда, яғни 19 қарашада аяқталады. 19 қараша бүкіл республика бойынша тыныштық күні болады. Президент сайлауы 20 қарашада өтеді.