Салтанат Тұрсынбекованың үгіт-насихат жұмысы қай өңірлерде өтті

Azattyq Rýhy

Бұған дейін штаб Ақмола және Қарағанды облыстарында болды

Салтанат Тұрсынбекованың үгіт-насихат жұмысы қай өңірлерде өтті
Фото ашық дереккөзден

Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекованың штабы үгіт-насихат жұмысы аясында өңірлерді аралап жүр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Сонымен қатар басқа өңірлерде де жұмысты жергілікті штабтар қатар жүргізіп жатыр.

Көшелерге плакаттар ілініп, азаматтарға үнпарақтар таратылып, жергілікті халықпен, ұжымдармен кездесулер белсенді түрде өткізілуде.

Мәселен, Атырау облысында жол жиегіне үлкен билбордтар орнатылып қойған, штаб күнделікті жұмыс істеп жатыр. Жамбыл облысында жергілікті штаб басшысы колледжде оқытушылармен және студенттермен кездесулер өткізді. Маңғыстау облысында сүт зауытының жұмысшыларымен, Мұнайлы ауданындағы аурухана дәрігерлерімен, құрылыс компаниясының қызметкерлерімен кездесу жоспарланған.

Басқа өңірлерде де кездесулер ұйымдастыру, үгіт материалдарын тарату жұмыстары жалғасуда.

Еске салайық, 26 қазанда үміткер сайлау науқаны аясында аймақтарды аралай бастады. Ол Қарағанды облысына бірінші болып барып, құқық қорғаушылармен, заңгерлермен, магистранттармен, сарапшылармен, құқық қорғау және сот жүйесін реформалауға, мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтарын қорғауға атсалысқан түрлі үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен, сотталғандармен кездесті.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.