Президенттіке үміткер Нұрлан Әуесбаев Ақмола облысы Ақкөл қаласының тұрғындарымен кездесті

Автор: Azattyq Rýhy

Ол заңсыз баюға қатысты жазаны қатаңдатуды ұсынды

Фото ашық дереккөзден

ҚР Президенттігіне Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан кандидат Нұрлан Әуесбаев Ақмола облысы Ақкөл қаласында сайлаушылармен кездесу өткізді. Бұл туралы кандидат штабының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Нұрлан Әуесбаев шара барысында көпшілікке сайлауалды бағдарламасының басым бағыттары жөнінде баяндады. Оның пікірінше, Қазақстанда бірқатар саяси реформа жүзеге асуы тиіс.

Бірінші кезекте, президенттік биліктен бас тартуымыз керек. Мемлекет басшысы қызметтерінің бір бөлігін Мәжіліске беріп, оның қуатты әрі тәуелсіз орган болуына жағдай жасау қажет. Әуесбаевтың пікірінше, Мәжіліс Үкіметті құруы тиіс.

Нұрлан Әуесбаев әр өңірдің өзіне қатысты ашық бюджеті жасақталып, нақты уақыт режимінде онлайн түрде мемлекет ақшасының қалай және қайда жұмсалып жатқандығы көрсетілуі керек деген пікірде. Сондай-ақ ол заңсыз баюға қатысты жазаны қатаңдатуды ұсынды.