Олар экологияға келтірілген залал үшін өтемақы талап етуде
Шарм-эш-Шейхтегі БҰҰ-ның климат жөніндегі конференциясы өтетін жерде жүздеген экоактивистер наразылық акциясына шықты. Олар қазба отындарын пайдалануды тоқтатуды, сондай-ақ ең бай елдерді экологияға келтірген зияны үшін өтемақы төлеуге міндеттеуді талап етті.
«Біздің әлемнің жойылуына жауапты елдерден осы экологиялық залал үшін, сондай-ақ оның зардаптармен күресу үшін өтемақы төлеуін және шығарындыларды күрт төмендетуін талап етуді жалғастырамыз», - деді белсенділер.
Еуропаның бірқатар қалаларында климатты қорғауға арналған шерулер ұйымдастырылды. Ең ірі акциялардың бірі Мадридте өтті. Германияда наразылықтардың басты тақырыбы көмір энергетикасына қарсы күрес болды. Эко-белсенділер энергетикалық дағдарысқа қарамастан шахталарды жабуды немесе кем дегенде кеңейтуді талап етеді.