Қалада облыс орталығының сәулет көркіне нұқсан келтіретін ғимарат аз емес
Қостанайда бизнес нысандарының қасбеті көріксіз болса, айыппұл салынады. Қала әкімі кәсіпкерлермен кездесуде осылай деп ескертті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.
Облыс орталығының сәулет көркіне нұқсан келтіретін ғимарат аз емес. Әсіресе айналасына жарық бағандары орнатылмаған ғимараттар түнде тіпті сұрықсыз көрінеді. Биыл барлық кәсіпкерге осындай талап қойылып, қалыпқа келтіру туралы хабарлама жіберілген. Бірақ оны ескергені некен-саяқ. Сондықтан қала басшысы келесі жылдан бастап бизнес нысандарын салдыр-салақ ұстайтындарға қатаң шаралар қолданатынын ескертті.
«Жыл сайын бизнес ғимараттарының сыртын жөндеп, дұрыстаңдар деп айтумен келеміз. Кәсіпкерлердің, атқарушы билік органдарының жауапкершілігі айқындалған тәртіп бар. Сондықтан реніш болмасын, енді қатаң шаралар қолдана бастаймыз. Бүгін ауызша ескерту болды,келесіде тек айыппұлмен жазалаймыз», - деді Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаев.