Бүгін тағы бірнеше боксшымыз бірінші орынға таласады
Иорданияда өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында Қазақстан спортшысы алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Шаршы алаңға Қазақстан атынан шыққан Санжар Тәшкенбай 48 келі салмақта чемпион атанды. Ол финалда жапониялық Казума Аратакені 5:0 есебімен жеңді.
Ал 51 келіде өзбекстандық Олимпиада чемпионы Хасанбой Дусматовқа жол берген Сәкен Бибосынов күміс медаль иеленді.
Бүгін тағы бірнеше боксшымыз бірінші орынға таласады.