Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ
Жәнібек аудандық сотында «Балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы» КММ бухгалтері Ақсұлу Ибраеваға қатысты үкім шықты. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі БҚО бойынша департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Департамент мәліметінше, А.Ибраева сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ірі мөлшерде иемдену немесе талан-таражға салу дерегі бойынша айыпты деп танылды.
Аталған лауазымды қызметкер ЭЦҚ пайдалану арқылы мекеме қызметкерлерінің, сондай-ақ басқа да адамдардың жеке шотына 4 млн астам теңгені заңсыз аударып жіберген.
Сот үкімімен А.Ибраеваға мүлкін тәркілемей 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы кесілді. Сондай-ақ ол 3 жыл мерзімге материалдық-жауапты лауазымдарға орналасуға байланысты қызметпен айналысу құқығынан айырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.