$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда шетелдік көліктерге заңсыз құжат рәсімдегендер жауапқа тартылды

Ішкі істер министрлігі аталған көліктердің жүруіне шектеу қойды

Алматыда шетелдік көліктерге заңсыз құжат рәсімдегендер жауапқа тартылды
Фото ашық дереккөзден

Биыл Алматыға шетелден әкелінген 413 көліктің сертификаттау құжаты заңсыз рәсімделген. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Биылғы жылы Қазақстанға импортталған автокөліктерге заңсыз рәсімделген 413 құжаттың күші жойылды. Бес мекеменің 9 маманы жауапкершілікке тартылды. Анықталған заң бұзушылықтар жойылғанға дейін Ішкі істер министрлігі аталған көліктердің жүруіне шектеу қойды», - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаев биылғы 10 айда көлік қауіпсіздігі құжаттарын заңсыз бергендер жауапқа тартылғанын мәлімдеген еді. Оның айтуынша, осы аралықта 1 326 мемлекеттік тексеру жасалған. Соның 65 пайызында талапқа сәйкес келмейтін фактілер анықталған. Сәйкесінше, оларға жалпы сомасы 140,6 млн теңге әкімшілік айыппұл салынған.

Серіктес жаңалықтары