Соңғы тәулікте 59 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Сондай-ақ, тағы үш адам пневмонияға шалдыққан

Фото ашық дереккөзден

Соңғы тәулікте, яғни 11 қарашада 59 адам коронавирус жұқтырған. Сондай-ақ,  тағы үшеуі пневмонияға шалдыққан.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

12 қарашадағы мәлімет бойынша, 796 адам коронавирус инфекциясынан (–639+ және 157 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 79 науқас стационарда, 717-сі амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 

Бүгінге дейін елімізде 1 395 280 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған.