Рейстердің тоқтауынан 700-ден астам адам әуежайда қалған
Шымкентте қалың тұман салдарынан бірнеше рейстің ұшу уақыты кейінге шегерілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Барлығы 5 рейс кейінге шегеріліп, елордаға ұшатын тағы екі рейс тоқтатылған. Барлығы 724 адам әуежайда қалды.
134 адам сағат 10.00-ден әуежайда өз рейсін күтіп отыр, рейс 12 сағатқа шегерілді. Осы уақыт ішінде Шымкент әуежайының ғимараты жолаушыларға лық толы. Жағдайға «Эйр Астана» әуе компаниясының баспасөз қызметі түсініктеме берді.
«Әуежайдың ұшу-қону жолағында тұман. Таңертең «Эйр Астана» рейсі Алматыға 10:15-те ұшуы керек еді, бірақ уақыты 00:25 шегерілді. Егер кешігу 6 сағаттан артық болса, онда жолаушылар айыппұлсыз билеттерді толық қайтаруға құқылы, көптеген жолаушы билетін қайтарды. Ыстық тамақ берілді, бірақ қонақүй берілмеді, себебі, бұл әуе компаниясының кінәсінен емес, ауа райы құбылыстарынан»,- делінген Air Astana компаниясының хабарламасында.