Мамандар өрттің шығу себептері мен келтірілген шығынды анықтауда
Ақтауда базарда өрт шығып, 6 бутик толықтай жанып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
«11 қараша күні сағат 22:46-да облыстық ТЖД өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары диспетчерлік қызметіне 23-шағынауданда орналасқан базардың жануы туралы хабарлама келіп түсті. Қазіргі таңда 6 балалар киімін сататын бутиктің толықтай жануы анықталды. Зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстарынан 5 бірлік техника және 30 жеке құрам жұмылдырылды», - делінген хабарламада.
Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.