Талдықорғанда әйел адамнан қысқа ұңғылы мылтық тәркіленді

Автор: Azattyq Rýhy

Қарудың атысқа жарамдылығын анықтау үшін сараптамаға жасалады

фото: Polisia.kz

Талдықорғанда әйел мылтықпен ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Атыс қаруымен қаруланған әйелді полиция қызметкерлері Қаратал өзенінің жағасында ұстады. Ол азық-түлік салынған полиэтилен пакетке салынған қысқа ұңғылы аңшы мылтығын алып жүрген.

«Мылтық патрондарсыз және тот басқан болып шықты. Ұсталған азаматша өз айғақтарында оны жағадан тауып алғанын және металл сынықтарға тапсыруды жоспарлағанын түсіндірді. Қазір қарудың атысқа жарамдылығын анықтау үшін қару сараптамаға жіберілді. Аталған дерек бойынша тергеу амалдары басталды», – деді Талдықорған қалалық ПБ.