Президент бұл туралы Самарқандта өткен Түркі мемлекеттері ұйымының бүгінгі саммитінде айтты
ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Мемлекет басшысының Самарқандта өткен Түркі мемлекеттері ұйымының бүгінгі саммитіндегі мәлімдемесін түсіндірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Руслан Желдібайдың айтуынша Самарқандта өткен Түркі мемлекеттері ұйымының бүгінгі саммитінде барлық мемлекеттің территориялық тұтастығын қолдау және БҰҰ Жарғысын сақтау туралы Президенттің бүгінгі мәлімдемесіне қатысты БАҚ-тан сұрақтар келіп түсіп жатыр.
«Осыған байланысты Мемлекет басшысы бұл мәлімдемені Солтүстік Кипр Түрік Республикасына Түркі мемлекеттері ұйымында бақылаушы мәртебесін беру туралы өтінішке орай жасағанын атап өткім келеді.
Қазақстан БҰҰ Жарғысын және халықаралық құқықтың негізгі қағидаттарын дәйекті түрде ұстанады. Президент бұл жөнінде бірнеше рет айтқан», - деді Руслан Желдібай.
Айта кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаев Самарқандта өткен жиында Қазақстан барлық мемлекеттің территориялық тұтастығын сөзсіз қолдайтынын айтқан болатын.