Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды
Астанада екі құрлысшы 14-ші қабаттан құлап кетіп, біреуі қаза тапты. Ақпаратты Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Оқиға бүгін, яғни 11 қараша күні түстен кейін болған. Құрлысшылар қай мекенжайдағы құрылыс нысанында жұмыс істегені және құрылыс нысаны қандай компанияға тиесілі екені белгісіз.
«11 қараша күні Астана полициясына жұмысшылардың жоғарғы қабаттан құлағаны туралы хабарлама келіп түсті. Мән-жайды анықтау барысында тұрғын үй кешенінің 14-қабатындағы құрылыс жабдығында тұрған екі жұмысшының жерге құлағаны анықталды. Алған жарақатынан құлағандардың бірі сол жерде қаза тапты, ал екіншісі ауруханаға жатқызылды», - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.
Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.