$ 514.94  583.74  6.13
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бүгін еліміздің басым аумағында жауын-шашынды ауа райы болады

Республика бойынша тұман түседі

Бүгін еліміздің басым аумағында жауын-шашынды ауа райы болады
Фото: ашық дереккөзден

Синоптиктер 11 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қазақстанның басым аумағында атлантикалық циклоны жырасы мен атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, осыған байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Солтүстікте, солтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста жел күшейеді», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Тек, еліміздің батысында, оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша тұман түседі.

Астанада күн бұлтты, өткінші жауын-шашын (көбінесе қар), көктайғақ болады, қар жауады. Жел оңтүстік-батыстан 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -1-3, күндіз 0 градус шамасында болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел 0-5 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -1-3, күндіз +6+8 градус болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Түнде кей уақытта тұман түседі. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 2-4 аяз, күндіз +8+10 градус болады.

Серіктес жаңалықтары