Қызылордада 14 және 16 жастағы қыздар екі күннен бері табылмай жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

Олар үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған

фото: www.inform.kz

Қызылордада 14 және 16 жастағы екі қыз екі күннен бері табылмай жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

14 жастағы Асанова Жансұлу мен 16  жастағы Тыныштыбай Арнұр үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған.

«Аталған хабарлама бойынша қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда төменде көрсетілген телефон нөмірлеріне хабар берулеріңізді сұраймыз. Тел: 8(7242)-29-75-20 немесе 102 арнасына қоңырау соғуларыңызды сұраймыз», - делінген Қызылорда қалалық Полиция басқармасының хабарламасында.