Сондай-ақ 5 адам КВИ пневмониясына шалдыққан
Қазақстанда өткен тәулікте 58 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталды. Сондай-ақ 5 адам КВИ пневмониясына шалдыққан. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
10 қарашадағы мәлімет бойынша, 725 адам коронавирус инфекциясынан (–576+ және 149 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 68 пациент стационарда, 657 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 7 адамның жағдайы ауыр,
- 2 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.