Валюта бағамы: 10 қарашада доллар қанша теңгеден сатылып жатыр
Ұлттық банк бейсенбіге арналған валюта бағамын жариялады
Қазақстанның Ұлттық банкі 10 қарашаға арналған доллар мен рубльдің теңгеге қатысты ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бүгін, яғни бейсенбіде доллардың ресми бағамы біршама көтеріліп, 465,58 теңге болды.
Айта кетейік, өткен тәулікте америкалық валютаның ресми бағамы 464,01 теңге болған еді.
Ресей рублінің ресми бағамы 7,62 теңге болды.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, бүгін таңғы сағат 8.00-дегі жағдай бойынша Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы 467 теңгеден сатып алынып, 471,5 теңгеден сатылып жатыр. Астананың ақша айырбастау орындарында орташа есеппен 468теңгеден сатып алынып, 472 теңгеден сатылып жатыр.
Бүгінгі ресми валюта бағамы бойынша:
USD / KZT – 465,58 (АҚШ доллары)
EUR / KZT – 467,72 (еуро)
RUB / KZT – 7,62 (ресейлік рубль)
TRY / KZT – 25,03 (түрік лирасы)
CNY / KZT – 64,3 (қытай юані)
KGS / KZT – 5,54 (қырғыз сомы)
UZS / KZT – 4,18 (өзбек сомы).