Бүгін еліміздің бірқатар өңірінде қар жаууы мүмкін

Автор: Azattyq Rýhy

Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады

Фото: ашық дереккөзден

Синоптиктер 10 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қазақстанның басым аумағында атмосфералық өзгерістер әсерінен ауа райы тұрақсыз сақталады, солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қар жауады», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Еліміздің басым бөлгінде тұман, солтүстігінде, шығысында көктайғақ, солтүстігінде, шығысында, орталығында жел күшейіп, жаяу бұрқасын болады.

Астанада көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде аздаған қар жауады, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел секундына 9-14 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -2-4, күндіз 0-2 градус болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Жел секундына 0-5 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -1-3 аяз, күндіз +4+6 градус болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Түнде кей уақытта тұман түседі. Шығыстан соғатын жел секундына 3-8 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -2-4, күндіз +9+11 градус болады.