Қазақстандықтардың паспорты цифрлық форматқа көшірілді

Автор: Azattyq Rýhy

Паспорттан басқа 18 құжат цифрлық форматта қолжетімді

Фото: Tengrinews.kz

Қазақстандықтардың паспорты цифрлық форматқа көшірілді. Енді цифрлық паспорт eGov Mobile мобильді қосымшасында қол жетімді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Цифрлық куәлікті қолдану тиімділігін көрсеткен соң, біз паспортты да цифрлық форматқа аударуды шештік. Енді цифрлық паспорт eGov Mobile мобильді қосымшасында қол жетімді. Әзірге цифрлық паспортты жеке басын сәйкестендіру үшін Қазақстан аумағында ғана пайдалануға болады. Мұндай қажеттілік, мысалы, куәліктің жоғалуы немесе оның жарамдылық мерзімі аяқталған жағдайда туындауы мүмкін», - деп жазды цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Telegram-арнасында.