Пойыз тәулігіне бір рет жүреді
Алматы облысы әкімдігінің мәліметінше, 11 қарашадан бастап Алматы-Қонаев қаласының жолаушылары үшін жаңа бағыттағы пойыз қатынай бастайды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Пойыз тәулігіне бір рет, Алматы-1 станциясынан сағат 06:44-те жөнелтіліп, Қапшағай станциясына сағат 08:35-те келіп жетеді. Сондай-ақ Қапшағай станциясынан сағат 19:15-те жолға шығып, Алматы-1 станциясына сағат 20:50-де келетін болады.
Пойыздың құрамында-жалпы сыйымдылығы 175 орындық 3 вагон бар.
Билеттерді төменде көрсетілген нұсқаулықтар арқылы сатып алуға болады:
- «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассалары;
- жолаушылар агенттіктерінің билет кассалары;
- электрондық өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары;
- интернет-ресурстар (сайттар);
- «Қазпошта» бөлімшелері.
Ақпарат жариялана салысымен-ақ, көпшіліктің қызу талқысына түсті. Басым бөлігі пойыздың бағыты таңертең Алматыдан емес, керісінше Қонаев қаласынан жүруі керек деген пікірде. Өйткені, облыстан қалаға келіп жұмыс істейтіндер көп деген пікірде. Azattyq Ruhy тілшісі облыстық әкімдіктен бағыттың қайта өзгеруі немесе қосымша пойыздардың рейске шығуы мүмкін бе деген сауал жолдады.