Валюта айырбастау орындарында 1 доллар 392,3 теңгеден сатылдып жатыр
Қазақстанның қор биржасында (KASE) теңгенің 1 долларға шаққандағы құны 390,02-ге жетіп, рекордтық көрсеткіш тіркелді. Кешегі тәулікпен салыстырғанда ұлттық валюта 0,7 пайызға арзандап отыр.
Kurs.kz порталының мәліметінше, астанадағы валюта айырбастау орындарында доллар 391,5 теңгеге, Алматыда 392,3 теңгеге сатылып жатыр.
Ал, 9 қазанға арналған ресми курс 1 долларға 389,38 теңгені құрайды.