Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысу үшін Самарқандқа барады

Автор: Azattyq Rýhy

Іссапар 10-11 қарашаға жоспарланып отыр

Фото: ашық дереккөзден

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысу үшін Самарқанд қаласына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ақорданың баспасөз қызметі мәлім еткендей, іссапар 10-11 қарашаға жоспарланып отыр.

«Жиын барысында мемлекеттер басшылары ТМҰ аясындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын қарастырады», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ саммит қатысушыларымен екіжақты кездесулер өткізу жоспарланып отыр.