Украина соғысындағы «мәжбүрлі стратегиялық үзіліс». Ол кімге пайда әкеледі
Шетел жаңалықтарына шолу
Украинаның майданындағы жағдай шиленіскен күйде қала береді. Дегенмен бірнеше аптадан бері үлкен өзгерістер болған жоқ. Ресей де, Украина да күш жинауға тырысып жатыр. Ал Ресейдегі ішінара мобилизация айтарлықтай артылықшылық берді деуге келмейді. Сондай-ақ екі жаққа да ауа райы кедергі келтіруі мүмкін. деп хабарлайды Azattyq Ruhy шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.
Соңғы апталарда соғысқа қатты әсер ететін екі жаңа фактор пайда болды. Бұл күзгі ауа райының қолайсыздығы, сондай-ақ Ресей бөлімдерінде майданда жаңа жұмылдырылған әскери қызметшілердің пайда болуы.
Қыркүйекте Балаклея аймағында, қазанда Лиман және Херсон облысындағыдай ресейлік қорғаныс жетістіктері соғғы кездері әлі болған жоқ.
Десе де, ресейлік тарап Луганск облысының солтүстігіндегі Сватово аймағында алға ұмтылуды жалғастырып жатыр. Сонымен қатар Херсон маңында алға жылжуға дайындалып жатқан болуы мүмкін.
«Қазір ауа райы да екі жақтың күштеріне әсер етеді» деді израильдік әскери сарапшы Дэвид Гендельман BBC-ге берген сұхбатында.
«Жердегі балшық пен жолдың жүруге келтірген кедергісі қозғалысты қиындатып жатыр. Ал бұлтты және жаңбырлы ауа райы авиация мен ұшқышсыз ұшақтарды пайдалануға кедергі келтіреді. Сәйкесінше, алға жылжуды қиындатады. Ресейліктердің қатары мобилизациямен жиналғандардың арқасында толыққан. Бірақ кәсіби деігейі төмен болса да, нақты учаскелерде олардың санын жедел арттыруға мүмкіндік береді. Осылайша, Украинаның шабуылына кедергі келтіреді», - дейді сарапшы.
Қазіргі сәтте тараптардың ешқайсы майданның қандай да бір бөлігінде серпіліс үшін қажетті артық әрекет жасай алмауы мүмкін.
Сарапшылардың пікірінше, екі тарап бірден бірнеше бағытта алға ұмтылып, майдандағы жағдай шиеленісті болса да, ауқымды шабуыл жасаудан гөрі, болашақ операцияларға дайындалуды жөн көрмек.
«Күштердің арақатынасы тұрғысынан екі тарап та күш жинауға тырысады. Майданда ресейлік жұмылдырылғандардың аз бөлігі - 50 мыңға дейін. Екінші эшелондарда шамамен осындай. Бірақ негізгі масса майданға әлі келген жоқ. Украинаның Қарулы Күштері өз тарапын толықтыратын болады. Яғни, олар жинақталғаннан кейін және жаттығудан соң шайқасқа түсуі мүмкін, сондай-ақ резервті маневрлер жасайды», - деді израильдік әскери сарапшы Дэвид Гендельман.
Ал Ресей президенті Владимир Путин мобилизациямен келген 80 мыңға жуық адам соғыс аймағында, олардың 50 мыңға жуығы ұрысқа қатысады деп хабарлады.
АҚШ-ТЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ДЕПАРТАМЕНТІ РЕСЕЙМЕН ЯДРОЛЫҚ ИНСПЕКЦИЯ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗЕТІНІН РАСТАДЫ
Мемлекеттік Департаменттің ресми өкілі Нед Прайс АҚШ пен Ресей ядролық қару мәселесі бойынша келіссөздер жүргізуге келісті деген хабарламаны растады.
Мемлекеттік департаментте өткен баспасөз брифингінде сөз сөйлеген Прайс Вашингтон мен Мәскеу SNV-3 шартына сәйкес ядролық нысандарды тексеруді қайта бастау туралы келіссөздер туралы келісімге келгенін хабарлады. Прайс келіссөздердің қашан және қай жерде болатынын түсіндірмеді.
«Біз екіжақты консультативтік комиссия жақын арада, СТН-3 шарттарына сәйкес жиналады деп келістік. Комиссияның жұмысы туралы мәліметтер құпия болып қалады», - деді Мемлекеттік департамент өкілі.
Фото: Associated Press
Ресейлік «Коммерсант» газеті де сейсенбіде Ресей мен АҚШ стратегиялық ядролық қару бойынша келіссөздер жүргізуді талқылап жатқанын хабарлаған болатын.
Ал дүйсенбіде Reuters Ақ үйдің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливан Ресейдің жоғары лауазымды тұлғаларымен құпия келіссөздер жүргізгенін хабарлады. Келіссөздер Ресейдің Украинаға басып кіруіне байланысты үлкен соғыс қаупін азайтуға бағытталған.
АҚШ-ТА АРАЛЫҚ САЙЛАУ ӨТЕДІ
АҚШ-та конгреске аралық сайлау өтеді. Америкалықтар Палатаның бүкіл құрамын және Сенаттың үштен бірін, сондай-ақ губернаторлар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшыларын таңдайды. Дауыс беру нәтижелері күштердің теңгерімінде үлкен өзгерістерге әкелуі мүмкін.
Республикашылдар өкілдер палатасы мен Сенатты бақылауды қалпына келтіру үшін күресіп жатыр. Қазір Конгрессті Джо Байденнің демократиялық партиясының бақылап отыр.
AP
Республикашылардың ауқымды жеңістерінің болашағына байланысты президент соңғы сәтке дейін демократтарды дауыс беру учаскелеріне келуге шақырған науқан жүргізді. Бұл саяси өзгеріс Байденнің әлі екі жыл Президент боып басқаруындағы саяси бағдарламасына нұқсан келтіруі мүмкін.
Байденнің алдында президент Дональд Трамп та республикалық кандидаттарға қолдау көрсету үшін белсенді науқан жүргізді. Ол республикалық партияның аралық сайлауда «үлкен жетістікке» жету ықтималдығы жоғары деп санайды. Ол бұған дейін 2024 жылы президенттікке кандидатурасын жариялайтынын меңзеген болатын. Бүгінгі дауыс берудің соңғы нәтижелері бірнеше күннен кейін белгілі болуы керек.