Сондай-ақ 6 адам КВИ пневмониясына шалдыққан
Қазақстанда өткен тәулікте 66 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталды. Сондай-ақ 6 адам КВИ пневмониясына шалдыққан. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
9 қарашадағы мәлімет бойынша, 720 адам коронавирус инфекциясынан (–574+ және 146 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 70 пациент стационарда, 650 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 7 адамның жағдайы ауыр,
- 2 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.