Қазір мамандар серверлік жабдықтың жұмысын қалпына келтірумен айналысып жатыр
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Салық төлеуші кабинетінің жұмысында ақау шыққанын ескертті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Мемлекеттік кірістер комитеті 2022 жылғы 8 қарашаның 16:44-дан бастап Салық төлеуші кабинетінің серверлік жабдығының жұмысында проблемалар байқалатынын назарларыңызға салады. Жабдықтаушылар серверлік жабдықтың жұмысын қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізуде», - делінген хабарламада.