Тоқаев қатыса ма: Қазақстан президенттігіне үміткерлердің теледебаты 11 қарашада өтеді

Автор: Мира Байбек

Кандидаттар теледебаты мен пікірталасы «Хабар» телеарнасында көрсетілмек

Фото: ашық дереккөзден

Орталық сайлау комиссиясының өкілдері Қазақстан президенттігіне үміткерлердің дебаты 11 қарашада өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

Кандидаттардың сайлау алдындағы теледебаты мен пікірталасы «Хабар» телеарнасында көрсетілмек.

ҚР ОСК мүшесі Анастасия Щегорцова үміткерлердің сенімді өкілдері өзіне берілген құзырет аясында дебатқа қатыса алатынын атап өтті. Оның айтуынша, штабтар дебатқа қатысатындардың тізімін бергенін, ол тізім берілген міндетке сайт келеді.

«Дебаттар 4 раундтан тұрады. Бірінші тур – сайлауалды бағдарламасын таныстыру, онда әрбір қатысушының өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстыру мақсатында сөз сөйлеуі қарастырылған.

Екінші тур – пікірталас сессиясы. Бұл раундта қатысушылар қарсыластарына екі сұрақ қойып, екі сұраққа да жауап береді. Сұрақты құрастыруға 30 секунд, ал әр қатысушыға жауап беруге екі минут уақыт беріледі.

Үшінші тур – сайлаушылардың сұрақтары. Әрбір үміткерге бір сұрақтан қойылады. Жауап беруге рұқсат етілген уақыт – екі минутқа дейін.

Төртінші тур – сайлаушыларға үндеу. Қатысушылар сайлаушыларға тікелей жүгінеді. Әр презентацияға екі минут беріледі», - деді Анастасия Щегорцова

А. Щегорцева Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидаттардың теледебатына қатыспайтынын атап өтті. Оның орнына қоғамдық штабтың жетекшісі, ҚР Парламенті Мәжілісінің спикері Ерлан Қошанов сөз сөйлейді.

«Пікірсайысқа Қарақат Әбден, Нұрлан Әуесбаев, Жигули Дайрабаев, Мейрам Қажыкен, Ерлан Қошанов (Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкілі болады), Салтанат Тұрсынбекова қатысады. Пікірсайыс 11 қараша күні «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінде сағат 20:00-де өтеді», - деді ҚР ОСК мүшесі.