$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда көмір бағасы бір жылда 11 пайызға қымбаттады

Биыл елімізде 86,7 млн ​​тонна тас көмір өндірілді

Қазақстанда көмір бағасы бір жылда 11 пайызға қымбаттады
Фото: ашық дереккөзден

Еліміздің ішкі нарығында осы жылдың қазан айында көмір бағасы өткен жылмен салыстырғанда 10,9%-ға қымбаттады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

Energyprom.kz мәліметінше, өңірлік тұрғыда көмір бағасының бірден қымбаттағанын Ұлытау өңірінің (57,4%) тұрғындары қатты сезінген. Сондай-ақ Абай (бір жылда 18,6%) және Солтүстік Қазақстан (18,5%) облыстарында да айрықша қымбаттаған.

«Бағаның ең аз жылдық өсімі Қызылорда облысында тіркелді: өңірде көмір небәрі 0,3%-ға қымбаттаған. Батыс Қазақстан облысында көмір бағасы өзгеріссіз қалды», - делінген зерттеуде.

Осы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанда 86,7 млн ​​тонна таскөмір, оның ішінде қоңыр көмір мен көмір концентраты өндірілді, бұл бір жыл бұрынғыдан 5,6%-ға артық көрсеткіш.

Айта кетерлігі, сегіз айдың қорытындысы бойынша Қазақстан 653,2 миллион долларға 22 миллион тонна таскөмір экспорттады.  

Серіктес жаңалықтары