Украинада минадан тазарту операциясы жүргізіліп жатыр

Автор: Аягөз Құрмаш

Сарапшылар Украинаның басып алынған аумақтарын минадан тазарту шамамен он жылға созылуы мүмкін екенін айтады  

Фото: Zelenskiy / Official

Миналанған немесе ықтималдығы жоғары қауіпті аумақтар шамамен 175 мың шаршы метрді алып жатыр. Бұл Украина аумағының шамамен үштен бірін құрайды. Бұл туралы ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Евгений Енин ақпараттық телемарафон эфирінде мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy korrespondent.net-ке сілтеме жасап.  

«Бірақ бұл көрсеткіш динамикалық болып тұр. Егер ел ауқымында айтсақ, онда Ресейдің ауқымды шапқыншылығы басталғаннан бері пиротехниктер 270 мыңнан астам жарылғыш заттарды тауып, тәркілеп, залалсыздандырды», - деді Евгений Енин.

Ол қазір минадан тазартудың негізгі күш-жігері Харьков облысының басып алынған аумағына бағытталғанын атап өтті.

«8 қыркүйектен бастап 1 мың 500 гектарға жуық жер минадан тазартылып, 38 мыңнан астам жарылғыш заттар залалсыздандырылды. Бұл тек Харьков облысында ғана», - деп атап өтті Енин.