Бүгін Қазақстанның басым аумағында жаңбыр, кей өңірде қар жауады

Автор: Azattyq Rýhy

Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді

Фото: ашық дереккөзден

Синоптиктер 8 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қазақстанның басым аумағында атмосфералық өзгерістер әсерінен ауа райы тұрақсыз болады, жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болады. Еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

 Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді.

Түркістан, Жамбыл, Алматы, Жетісу облыстарының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Астанада көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде қар жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан секундына 2-7 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде -4-6, күндіз -1-3 болады.

Алматыда күн бұлтты, жаңбыр жауады, кейде қатты жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-батыстан 3-8, екпіні 12 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +3+5, күндіз +5+7 болады.

Шымкентте күн бұлтты, түнде кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Кейде тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстіктен секундына 5-10 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +1+3, күндіз +3+5 болады.