Қарағанды облысында катодты мыс шығаратын зауыт іске қосылды

Автор: Azattyq Rýhy

Зауыт екі жыл бойы салынған

фото: www.gov.kz

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданындағы жаңа гидрометаллургия зауытында жылына 5 мың тоннаға дейін катодты мыс шығарылатын болады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Кәсіпорында 140 жұмыс орны құрылды.

Борлы кен орнындағы "Irkaz Metal Corporation" ЖШС өз жұмысын бастады.

«Катодты мыс SX-EW инновациялық технологиясы бойынша шығарылады. Бұл гидрометаллургиялық процесс Қазақстанда соңғы он жылда қолданылып келеді. Оның бірнеше маңызды артықшылықтары бар: зауыттар салу үшін үлкен шығындарды қажет етпейді, катодты мыс өндіруде өзіндік құны төмен, кедей кендердің қорларын пайдалануға болады», - делінген облыс әкімдігінің хабарламасында.

Қолданылатын технология металлургиядағы ең экологиялық технологиялардың бірі болып табылады. M00k маркасына сәйкес келетін жоғары тазалық пен сапаға ие өнімдерді шығаруға мүмкіндік береді.