Абзал Құспан: Қыркүйектен бастап Конституцияға енгізілетін өзгерістерді қолдаймын

Автор: Azattyq Rýhy

5 қарашада Мемлекет басшысы алты конституциялық заңға жария түрде қол қойған

Мемлекет басшысы 5 қарашада конституциялық заңдар топтамасына жария түрде қол қойған болатын. Заңгер Абзал Құспан конституциялық заңдар халыққа қалай әсер ететінін айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«2022 жылдың қыркүйегінен бастап Конституцияға енгізілетін өзгерістерді өз басым қолдадым. Биыл кезінде айтылған сын-пікірлер ескеріліп, Конституцияның жаңа нұсқасы әзірленгенін ашық айта аламын. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы жерлерінің сатылмауы және оның жалға берілмеуі туралы талап бар. Конституцияны қарайтын болсақ, Президенттің өз өкілеттігін шектеуі, Парламентке көбірек құқық беруі сынды бастамалар да бар», - дейді заңгер.

Абзал Құспан атағандай, құқық қорғау қызметіне басымдықтың берілуі, прокуратураны айыптау органынан құқық қорғау қызметін күшейту туралы маңызды тетіктер бар.

«Конституциядағы Адам құқығын қорғайтын өкілдің арнайы конституциялық тұлғаға айналуы азаматтардың конституциялық құқықтарының сақталуына кепілдік ретінде көрініс тапқанын ризашылықпен қабыл алдым», - деді Құспан.

Айта кетейік, 5 қарашада Мемлекет басшысы алты конституциялық заңға жария түрде қол қойған болатын.